МӘЛІМДЕМЕ
Ақын, жазушы және қоғам қайраткері Арон Атабек пен Шаңырақ қорғаушыларын босату үшін жаңа кампанияның басталуы туралы

Защитники Шанырака

Защитники Шанырака

2007 жылы Арон Атабек және оның үш серіктесі Ерғанат Тараншиев, Құрманғазы Өтегенов және Рүстем Тұяқов 2006 жылдың 14 шілдесінде Шаңырақ ықшам ауданының тұрғын үйлерін жаппай бұза бастағанда тұрғындарының қарсылық көрсетуі кезінде «жаппай тәртіпсіздікті» ұйымдастырды және қатысты деген себеппен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Сол кездегі тағылған айып та, айыпталушылар мен куәгерлердің түсініктемелері де Жаңаөзен қанды қырғынынан кейін ереуілге қатысушылар мен белсенділерге қолданған тәсілмен алынған болатын.

2006 жылы Бақай, Шаңырақ ықшам аудандарының, Алматының басқа да жерлерінің тұрғындары өздерінің орнықты жерлерінен күштеп босатылып, тұрғын үйлерді жаппай қиратуға бағытталған мемлекеттің жоспарлы кампаниясына тап болды. Ресми БАҚ-н жоғары дәрежелі шенеуніктердің : ауылдан келгендерді ірі қалалар мен мегаполистерге шыққан сүйелге балап, олардың елді-мекендерін «қыздырылған темірмен» басып, өртеуді талап еткен мәлімдемелері көрініс тапқан болатын.

Сол кезде, 2011 жылғы мұнайшылар ереуілі кезіндегідей әлеуметтік араздық орын алды, көшіп келгендерді ресми насихат «аутсайдерлер», «оралмандар», «жаулаушылар», сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтер деп атай бастады. Билік оларды қалалықтармен қарсыластырып, қираған ауылдар мен шағын қалалардан келгендерді ең соңғы әлеуметтік және адами құқықтарынан айырып, азаматтарды отырықшылық қағидаты бойынша бөле бастады.

Қазір бұл қағида болып, Қазақстанның тіркелген жерінде тұрмайтын азаматтарын жазалау Әкімшілік кодекске енгізілді. Осы арқылы билік азаматтарды бюрократтық бекітудің бұрынғы шараларын қайтарып алды және азаматтарды ел ішінде еркін жылжуға конституциялық құқығынан айырды. Арон Атабектің серіктестерімен құрған «Қазақ Мемлекеті» қозғалысы, «Әйгерім» кентінде азат қоғам құра отырып және Алматыға шарасыз көшіп келуге мәжбүр болған қазақтардың үйлерін шенеуніктерден қорғай отырып осы әділетсіздікпен күресті.

Дәл осы 2006 жылғы көктем мен жаздағы Арон Атабек және оның серіктестері қызу атсалысып, дәл осы 2006 ж-ң көктемі мен жазындағы азаматтардың ұйымдасқан қарсылығы Алматының сол кездегі билігіне халықты күштеп қуып, шағын аудандарды түгелдей бұзып тастауға жол бермеді. 6 шілдедегі Шаңырақ оқиғасының алдында ғана сот шешімінсіз және зерттеу жасалмастан Бақай шағын ауданының бірнеше жүздеген үйлері сүріліп тасталды. Бұл жүздеген мың отбасы соңғы ескетру іспеттес еді. Дәл осы Шаңырақ шағынауданындағы 14 шілдедегі Алматы полициясының гарнизонына көрсетілген белсенді қарсылық қана ішкі мигранттарға жасалған бұл қылмысты тоқтатты және үкіметтің белгілі бір жеңілдіктер жасауына алып келді.

Кейіннен биліктің өзі де Бақай, Шаңырақ, Әйгерім, Ұлжан және басқа да шағын аудандарының тұрғындары талаптарының заңдылығын мойындап, мыңдаған жер учаскелеріне құқық белгілеуші құжаттар беріліп, оңтүстік елордада арнайы Алатау ауданы құрылды. Мемлекет саясатына осындай өзгеріс алып келгені үшін, кек алу мақсатында, Арон Атабекке және 24 Шаңырақ қорғаушысына зәбір, қысым көрсетіп, мазақ етіп, жала жабылып, ұзақ сот процесін ұйымдастырды. Нәтижесінде, белгілі қазақ ақыны, ойшыл және саясаткер ГУЛАГ-тан айырмашылығы жоқ түрмеге 18 жылға қамалды.

Азаттық радиосының ақпараты бойынша, осы БАҚ редакциясы 1 наурыз күні жазбаша түрде Қарағанды облысы бойынша ҚТЖК (КУИС) департаментінің бастығы Бауыржан Бердалинге Арон Атабектің (Едігеев) қайда екенін және денсаулық жағдайын сұрап хат жолдаған еді. Өзінің, 2 наурыздағы жауабында ол: «сотталушы, 1953 жылы туған Арон Едігеев Қарағанды қаласындағы АК-159/1 мекемесінде» екендігін және « сотталушының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық» деп хабарлайды.

Ал сотталушының туыстарының сөзі бойынша Қаражал колонниясында отырғанда «Назарбаевщина и Революция» мақаласын жазғаны, сондай-ақ «Назарбаевщина и поэзия» өлеңдер топтамасы үшін оған заңсыз екі жыл жабық үлгідегі түрме жазасын қосқан. Қазіргі уақытта оның абақтыда отырып жазған осы және басқа да кітаптары мен мақалаларының тағдыры белгісіз, өйткені, өйткені олар колония басшыларының қолында және жойылып кету қаупі бар.

Арон Атабек пен оның серіктестерін бес жыл абақтыда қамауда отырып, оның төрт жылын кісі өлтірушілерге арналған бір кісілік камерада ұстауы, бұл режимнің оларды тірідей шығармауға тырысатындығын көрсетеді. Күәгерлердің өз түсініктемелерінен бас тартып, ал сол 14 шілдедегі оқиғаның көптеген қатысушылары мен журналистер Аронның кінәсіздігін толық растап , керісінше ол жаппай қан төгудің, ашуға мінген халықтың Алматы орталығына баруының алдын алды дегеніне қарамастан.

Біз, жалпы құқықтар мен бостандықты талап етуге және қорғауға, соның ішінде руына, отырықшылығы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан заң алдындағы тең құқылыққа, тұрғын үй мен әлеуметтік кепілдіктер құқығын қорғауға дайын барлық азаматтарды бірлесіп, Арон Атабек, Ерғанат Тараншиев, Құрманғазы Өтегенов және Рүстем Тұяқовты босату және толық ақтап шығу бойынша жалпыхалықтық кампаниясын бастауға шақырамыз.